Облыста ЕҚҚДБ-мен 94 жоба қолға алынды
Облыста халықаралық қаржы институттарымен жұмыс белсенді жүргізіліп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі енгізілуде. Бұл туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.
Жалпы инвестициялық портфель 752 млрд. теңгенің 263 жобасын құрайды.
163 млрд. теңгенің 168 жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатса, оның шінде 15 млрд. теңгенің 76 шартына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қол жеткізілген.
Мәселен, Өскемен қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы бойынша конкурс өтіп, концессионер анықталған, шартты рәсімдеу бойынша аяқтау процедуралары жүргізілуде. Мұнымен бірге алғашқы жарты жылдықта Зырян қаласындағы орталық жылу көзін қайта құруға және Семей қаласындағы 200 орындық қалалық балалар ауруханасының жобасын дайындауға кірісетін концессионерлер анықталатын болады.
Сонымен қатар Еуропалық қайта құру және даму банкімен 9 жоба бойынша 40,5 млрд. теңгенің шарты мен келісімен қол қойылған. Жұмыс бабында 46 млрд. теңгенің 3 жобасы тағы бар. Толықтай алғанда, Еуропалық қайта құру және даму банкімен 259 млрд. теңгенің 94 жобасы қолға алынды, делінген облыс әкімінің баяндамасында.