KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Мүмкіндігі шектеулі жандар сайысты

22.02.2018, 11:11 160

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың белсенді жастарынан құралған «Нұрлы жүректер» қайырымдылық ұйымы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық сайыс өткізді.


«Көмек» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға Үлбі» әлеуметтік көмек көрсету орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Сайысты ұйымдастырушылардың бірі Айдос Әділбековтің айтуынша, олар мұндай шараларды жиі өткізеді екен.


– Сайыстың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың да қоғамның бір мүшесі екенін көрсету. Сондай-ақ кейінгі буынды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, - дейді Айдос Әділбеков.

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар ұсынылып, мақтау қағаздары табысталды.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив