Спортта шектеулер болмайды
Мемлекетімізде әлеуметтік жағынан қорғансыз, сырқаттығына байланысты өз-өзіне қауқарсыз жандарды қамқорлығына алған. Олардың қоғамдық әс-шаралардан шет қалмауы да арнайы мамандардың назарында. Бұған дәлел - 4-сәуір күні Күршім аудандық аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызмет алушылары арасында Барақ Батыр атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылған волейбол жарысы.
[caption id="attachment_27873" align="alignnone" width="1000"] dav[/caption]
- Іс шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, халық арасында достық пен өзара сенімді нығайту саясатын тереңдету үшін бұқаралық спорттың рухани әлеуетін пайдалану. Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген құлшынысы күннен күнге артатындығы бірден байқалады,-дейді әлеуметтік қызметкер Жібек Калиғожина.
Аталған спорттық жарысқа Күршім ауылының 10 қызметалушысы белсене қатысып, Тухметова Сауле «Үздік шабуылшы», Адаспаев Сұңғат «Үздік қорғаушы», Корниенко Лидия «Үздік бағыттаушы» атанды. Спорттық іс-шараларға қатысып, ел қатарлы жүрулеріне демеушілік көрсетіп отырған аудандық спорт бөлімі мен аумақтық орталыққа мүмкіндігі шектеулі жандар ризашылықтарын білдіруде.
Жүлдегерлердің барлығы ақшалай сыйақымен марапатталды.