KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
492.65 525.71 5.03

15 жыл ішінде бөлінген алғашқы қаражат

22.02.2018, 10:35 127

Облыста ормандағы өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге қажетті техникалар мен жабдықтарды жаңартып толықтыруға 15 жыл дегенде алғаш қаражат бөлінді. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының басшысы Медет Нұрғалиев мәлімдеді.


Оның айтуынша, өткен жылы облыстық әкімдік қарамағындағы мемлекеттік орман алқабында  жалпы көлемі 40 гектардан асатын 25 өрт оқиғасы тіркеліпті. 1 миллионнан астам шығын келген.


– Осы жылдың 20-шы наурызына дейін біз өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындық шараларын аяқтайтын боламыз. Бұл дегеніңіз артық жанармай қоры, тұрақты телефон және радиобайланыс, орман өртін өшірудің жедел жоспарлары. 2017-ші жылдың желтоқсан айын алғанда, қажетті техникамен жабдықталу барысы 61 пайызды құрап отыр. Облыс әкімі бастамасының арқасында өткен жылы 15 жыл дегенде алғаш рет 700 миллион теңге қаражат бөлінді.Ол 37  бірлік техника алуға, спутникті навигация құралдарын және басқа да өртке қарсы жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік береді-деді Медет Нұрғалиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу