KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Алакөлде ұялы телефон арқылы ақшасыз есеп айырысуға болады

22.02.2018, 08:19 295

ШҚО-да ең белгілі туристік базалардың бірі саналатын Алакөлде QR-код бойынша ұялы телефон арқылы ақшасыз төлемдер жасауға болады. Мұндай мүмкіндік беретін пилоттық жоба жуық арада іске қосылмақ.


Электронды сканерлеу мен төлем құжаттарын танитын жүйенің жобасын жүзеге асыру үшін «Beeline» ұялы байланыс операторымен келісім-шарт жасалыпты.


«Кар-тел» ЖШС Өскемендегі филиалының директоры Сергей Цойдың сөзінше, кез келген қызмет түріне төлем жасау үшін телефондағы баланысты толтырып, қызметтің не тауардың сатушысында бар штрих-кодты сканерлеп алу ғана қажет болады. Ал интернеттің үздіксіз жұмыс істеп тұруы  үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен жұмыс атқарылуда.


- Бұл өте ыңғайлы. Адамдарға сөмкенің де, әмиянның қажеті болмайды. Тек телефон болса, сол жеткілікті, - дейді ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. – Мұндай жүйе ұрлық пен алаяқтыққа тосқауыл болады.

Сонымен қатар, бұл жүйеде Cash back функциясы да бар. Ол сатып алынған тауардың немесе қызметтің құнының жартысын қайтарып алуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив