KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Балықшылар су астына түсіп кетіп, бір адам мерт болды

19.02.2018, 09:16 158

Өскемен қаласының тұрғындары үшін қысқы балық аулау қайғылы аяқталды. Мұзға түсіп кеткен көліктің жүргізушісі су астына батып кетті.


Сенбі күні бірыңғай диспетчерлік қызметтің пультіне түскен ақпараттан белгілі болғандай, Бұқтырма су қоймасында Күршім ауданы Алғабас ауылынан 4 шақырым жерде ««Nissan Almera» көлігі мұздың астына түсіп кеткен.  Үш ер адам балық аулау үшін Өскемен қаласынан барған екен.


Өкінішке орай, балықшылар жерді дұрыстап зерттемей жатып, келген шаруаларына кіріспек болған. Осы жердің кез келген тұрғыны, бұл маңда су асты көздері бар екенін, мұздың жұқалығын ескертер еді. Көліктің астындағы мұз сырт етіп, жарылып, автокөлік су айдынына бата бастайды. Сол сәтте 1966 жылы туған екі жолаушы өз беттерімен көліктен шығып үлгереді. Ал олардың 68 жастағы жолдастары үшін бұл сапар қайғылы аяқталды.


-Екі ер адам судан өз беттерімен шыққан. Құтқару қызметіне зардап шегушілердің өздері  ұялы телефонмен хабарласты.  Уақыт кешкіріп қалғандықтан, қараңғы түсіп кетті де, іздеу жұмыстары таңертеңге қалдырылды. Біздің бөлімшенің мамандары зардап шеккендерді  жедел жәрдемнің қолына тапсырды, - дейді Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару отряды 9 бөлімшесінің бастығы Талғат Нұржанов. -  Келесі күні ертеңгісін құтқарушылар жүргізушінің денесін 3 метр тереңдіктен алып шықты.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, бұл биылғы қыстағы алғашқы қайғылы оқиға. Бақытсыз жағдай орын алған жердегі мұздың қалыңдығы 20 сантиметрден аспаған. Тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Құтқарушылар қысқы балық аулаумен әуестенетіндерге алдымен жердің ой-щұңқырын, қай жерде су асты көздері барын  әбден зерттеп алуға кеңес береді.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив