Елімізде жас қаламгерлерге арналған байқау басталды
Фото: depositphotos.com
«Ерлік пен еңбек дастаны» атты жаңа байқау талантты авторларды қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Мақсаты – қоғамдағы еңбек адамдарының маңыздылығын көрсету. Түрлі мамандық иелерінің еңбегі жас қаламгерлердің шығармалары арқылы насихатталады.
Байқау арқылы авторлар еңбек адамдарын жаңа қырынан танып, олардың рухын ашуға мүмкіндік алады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.
Жеңімпаз 2025 жылы Республика күнінде анықталады.
Оқи отырыңыз