KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Д. Ахметов: «Бас дәрігер біліктілігін жетілдіруге тиіс»

9.02.2018, 10:28 71

Аймақ билігі денсаулық сақтау саласына әрдайым ұдайы көңіл бөліп келеді. Мәселен алдыңғы жылы 12 млрд теңгеге облыстағы медициналық мекемелер жоғары технологиялық қондырғылармен қамтылды. Биыл бұл мақсатқа тағы 4,6 млрд теңге қаржы бөлінеді деп көзделуде. Сөйтіп 2019 жылға дейін медициналық нысандарды техникалық құрал-жабдықпен қамтудың негізгі кезеңі аяқталмақ. Бұл туралы семейлік ақ халаттылармен кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.



Семейге сапары аясында аймақ әкімі перинаталды орталық пен медициналық жедел жәрдем ауруханасына (МЖЖА) барған болатын. Айта кету керек аталмыш мекемелер  облыс басшысының тапсырмасы бойынша замануи қондырғылармен жарақталған еді. Мәселен перинаталды орталықта құны 1 млрд сомадан асатын жоғары технологиялық аппарат орнатылған-ды. Ол сапалы диагностикалық қызмет түрлерін көрсетуге сеп болмақ. Дей тұрғанымен сапалы қызмет білікті кадрға да байланысты. Осы ретте былтыр Шығыс Қазақстанның 50- ден астам дәрігері, Еуропаның үздік клиникаларына оқуға жіберіліпті.


-Біліктілікті арттыру тапсырмасы негізгі үш бағыт бойынша қолға алынды. Олар ана мен баланың денсаулығын сақтау, қан айналымы және онкологиялық ауру түрлері. Тұтастай алып қарасақ, мамандардың білімін жетілдіру, сондай-ақ медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жаңарту жұмысы, Шығыс Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын жаңа сапалы деңгейге көтеруге кепіл болары даусыз, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.


Дәл осы аурухананың 9 дәрігері 2017 жылы Лондонның клиникаларында өз шеберліктерін шыңдаған екен. Бұл облыс әкімінің арнайы бағдарламасы аясында жүзеге асты. Семейлік ақ халаттылар өңір басшысына шет елде жиған тәжірибелерімен бөлісті. Әйтседе Даниал Ахметов, кәсіби білімді қатардағы қызметкерден бөлек, бас дәрігерде міндетті түрде арттыру қажет екендігіне баса тоқталды. Оқу курсына дәрігерлерді толық құраммен жіберудің маңыздылығыда осыда деп тілге тиек етті ол.


-Егерде кез келген бас дәрігер оқудан бас тартса, ол өз орнын босатуы тиіс. Бізге өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруды мақсат ететін мамандар қажет. Неге? Өйткені осы оқыту курсын тағайындауда біз ұжымдық немесе бригадалық принципті ұстандық. Бұл орайда бас дәрігердің орны бөлек. Мысалы бас дәрігер барлық жаңалықтарды өз көзімен көрмесе, мұндай маманнан қандай сапалы қызметті күтуге болады? Сондықтан тізімді әзірлегенде міндетті жағдайда бас дәрігерде болуы міндет. Бұл бағыттағы жұмысты әрмен қарай жалғастыра береміз. Десек те барлығы сіздердің ниеттеріңізге байланысты, - деп өз сөзін түйді Д. Ахметов.

Кездесуде өңір әкімі медицина өкілдеріне ағылшын тілін үйренуге кеңес берді. Себебі бүгінгі нарықтық экононмиканың талабыда осы. Заман көшінен қалмау үшін Даниал Кенжетайұлы, өзі де шет тілін меңгеріп жатқанын атады.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив