KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Тасымалдаушылар мәселесіне ақпан айында нүкте қойылмақ

30.01.2018, 04:58 104

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеру нәтижесінде «Вебас», «Рост», «Воска» сынды өңір автотасымалдаушыларының 4 миллиард теңгеден астам салық пен айыппұлды төлемегенін анықтаған.


Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жанғарашев жолаушы тасымалы ережесіне сай аталмыш тасымалдаушылар өз салық есептерінде билеттердің сатылу көлемін көрсетпеген деп түсіндіреді.


Өскемен автотасымалдаушыларына салықты қосымша есептеу мәселесі Астанадағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды. Оған Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы, Бас прокуратура өкілдері қатысты.


Естеріңізге сала кетсек, дау өткен жылы туындаған. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеру нәтижесінде өңір автотасымалдаушыларының 4 миллиард теңгеден астам салық пен айыппұлды төлемегенін анықтаған. Тасымалдаушылар мұндай жағдайда өздерінің банкрот болатындарын мәлімдеді.


– Мәселе әлеуметтік маңызды болып табылады, қоғамдық көліктің тоқтауы әлеуметтік шиеленіс туғызуы мүмкін. Қосымша есептелген салықтың сомасы өсімпұлды ескерсек қазір 4,5 миллиардтқа жетті. Компания шоттарын тұтқындаудың өзі олардың жұмысын тоқтатып тастайды, – деді кеңес мүшесі Серік Төрегелдин.


Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүйсембеков Үкімет басшысы Б. Сағынтаевтың атына осындай даулардың туындау себептері көрсетілген жат жолданып отырғанын да жеткізді. Бас прокуратура жолаушы тасымалдау тарифтерін түзуде ашықтықтың жоқтығына, тасымалдаушыларды жергілікті бюджеттен субсидиялау керектігіне баса назар аударып отыр.


Ақпан айының басында облыстық мамандандырылған экономикалық сотта осы іс бойынша алдын ала тыңдаулар өтеді, онда облыс прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының іс-әрекетіне шағым бермек.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив