KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде домофон есіктерін ұрлағандар іздестіріліп жатыр

26.01.2018, 11:28 100

Бірнеше күн бұрын Қазақстан көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісіндегі домофон құрылғысы бар есік ұрланған.  Осыдан соң көршілес тағы бір үйде тура осындай жағдай қайталанады. Абырой болғанда ауладағы бейнебақылау құрылғысының арқасында күдікті табылды.


-Бейнежазба зерттелді, жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр,енді ұры жалғыз жұмыс істеді ме әлде оның сыбайластары болды ма,сол жағын анықтау қажет. Полиция қызметкерлері металл қабылдау пунктерін де тексеріп жатыр. Есіктер жер үйлер орналасқан аудандарда сатылуы да мүмкін,-деді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Белгілі болғандай, ұры осы ауданда бірнеше есік ұрлаған екен. Осылайша Мызы, Буров және Қазақстан көшелеріндегі үйлердің кіреберістері есіксіз қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив