KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Жергілікті әкімдердің есеп беру кездесулері өтіп жатыр

24.01.2018, 09:37 180

Елбасы Жарлығына сәйкес жыл сайын түрлі деңгейдегі әкімдердің есеп беру жиындары өтеді. Бұл маңызды саяси науқан облысымызда 15-қаңтарда басталды. Қазіргі кезде ауылдық округтер әкімдері 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындармен есептік кездесулер өткізіп, олардың өтініштерін тыңдауда. Ал аймақ басшысы Даниал Ахметов 23-ақпанда облыс орталығында есеп береді деп күтілуде.


Кездесулер барысында негізінен экономикалық, әлеуметтік сипаттағы сұрақтар қойылуда, атап айтсақ, ауыз су, баспана, жер, жол жөндеу және салу, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының құрылысы және оларды жөндеу, электрмен, газбен және телефонмен қамту, абаттандыру, санитарлық және экологиялық жағдай бойынша.


Қазір жер-жерлерге қойылған 400-ге жуық жәшіктерге облыс әкімінің атына сұрақтар келіп түсуде. Айталық, Үржар ауылының тұрғыны Бекзат Мақсат өткен жылы аймақ басшысының тікелей мұрындық болуымен Алакөл жағасында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргенін, демалыс аумағының адам танымастай өзгергенін айта келе, «биыл сол жұмыстар жалғасын таба ма?» деген сауал жолдаған. Ал, семейлік жеке кәсіпкер Темірбек Мұратқали Семейдің даму жоспарына енген Қарағайлы ауданының келешегі және Семей әуежайының қызметі туралы сұрақ қойған. Зайсан қаласының тұрғыны Олжас Шәріпбековтің сауалы Шіліктідегі қорғандар жазығына салынуы тиіс аспанасты мұражайына қатысты екен, аудан азаматы құрылыстың қашан басталатынын білгісі келеді.


Жалпы, барлық деңгейдегі әкімдердің есептік жиындары елімізде 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Науқанның тиімділігі байқалады. Жергілікті кіші-гірім мәселелер біртіңдеп шешіліп келеді. Мемлекет басшысының бұл идеясы бұқара халық арасында толық қолдау тапты.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив