KZ
Өскемен
-15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Юлия мен Дмитрий тағы да тұғырда

26.12.2017, 07:01 241

Күмістен кейін қоржынға алтын түсті. Қытайдың Тайву қаласында аяқталған фристайдан Әлем кубогі кезеңі аясындағы жарыстың соңғы күнінде жерлесіміз Юлия Галышева тұғыр биігіне көтерілді.


Шығысқазақстандық спортшы могулдан өткен сайыста 80,88 секунд нәтижесімен суырылып алға шықты. Екінші орынды американдық Джейлин Кауф иеленсе, үшінші орынды канадалық Анди Науде қанағат тұтты.


Естеріңізге салайық, Галышева осыдан бірер күн бұрын күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ол кезде бірінші орын алған Джейлин Кауфтан небәрі 0,11 секундқа қалып қойған жерлесіміз бұл жолы дәп осы қарсыласынан мәреге 0,8 секундқа ерте келді. Тағы бір жерлесіміз 16 жастағы Аяулым Әміренова жарысты 37-ші болып аяқтады.


Сонымен бірге бұл күні жігіттеріміз, дәлірек айтсақ, Дмитрий Рейхерд те ерледі. Ерлер арасындағы сайыста 84,92 секунд нәтижесін көрсеткен жерлесіміз қанжығасына күміс медальді байлады. Бұл өскемендік спортшының соңғы бір ай ішінде алған екінші күміс жүлдесі. Осыдан біраз бұрын Финляндияның Рука қаласында өткен Әлем кубогінің бірінші кезеңінде Дмитрий канадалық Микаэль Кингсбериді алға жіберіп, екінші орынға табан тіреген болатын. Бұл жолы да осы спортшыға ғана есе жіберді.


Аталған жарысқа қатысқан тағы екі жерлесіміз Павел Колмаков пен Дмитрий Бармашов сәйкесінше 13-ші және 38-ші орындардан көрінді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу