KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Инфляциялық зейнетақы қалай төленеді?

11.12.2017, 09:52 149


-Жуықта мен танысымнан зейнетақыны алған кезде инфляция есептеліп, қосымша қаражат төленеді дегенді естідім. Осы жайында түсіндіріп берсеңіздер.

Алтын Жаңабайқызы,

Өскемен.


Оқырманның сауалына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның облыстық филиалының бас маманы Наталья Мельниченко жауап береді.



- ҚР-ның «Зейнатқымен қамсыздандыру туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ecкepe отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Басқаша айтсақ, салымшылардың зейнетақы жарналарын Ұлттық банк әртүрлі инструменттерге инвестицияға салады. Осы инвестицияның кірістері инфляцияның деңгейінен жоғары да, төмен де болуы мүмкін, соның нәтижесінде айырмашылық туады. Зейнеткердің зейнетақы жинақтарын алу құқы келген кезде бұл айырмашылық республикалық бюджеттен төленеді. Салымшы зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына келіп үш өтініш жазады. Біріншісі - ынтымақтастық зейнетақыға, екіншісі - базалық зейнетақыға және үшіншісі кепілдік бойынша өтініш, немесе халық арасында инвестициялық деп аталып кеткен. Орталық мамандары зейнеткердің кірістерінің инфляция деңгейінен жоғары не төмен болғанын есептеп шығарады. Егер төмен болса, айырмашылықты бір реттік төлем ретінде төлейді.


«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның облыстық филиалының ғимаратында( Крылов көшесі, 70) 12 желтоқсан күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін ашық есік күні өтеді. Зейнетақы жинақтарына берілетін мемлекеттік кепілдіктер туралы және басқа да қызықтырған сауалдарға біздің мамандар осы күні толығырақ жауап береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив