KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, Ю
450.79 482.21 5.05

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ЖӘЙТ-АУАНЫҢ ЛАСТЫҒЫ

11.12.2017, 05:36 184

Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары өскемендіктердің алаңдаушылығын туғызып отырған бірнеше экологиялық мәселелердің рейтингілік тізімін жасады.


Тізім 2017-жылы жұрттың талқысына түсіп, қоғамда жиі көтерілген тақырыптар негізінде жасалған.

Тізімдегі 10- орында-«Су ресурстарының ластану мәселесі» тұр. Өткен жылы Тишин кенішінде орын алған апаттан соң бұл мәселе былтыр 1-орында тұрған болатын. 9-шы орында- қалада едел-жедел салынып жатқан «Жүргіншілерге арналған жер үсті өткелі- көпір мәселесі».8-орын-«Тазалау ғимараттарынан шығып жатқан жағымсыз иіс». Қала шетіндегі тазалау жүйелерінен бөлініп жатқан жағымсыз иістің тигізіп отырған зиянын халық та, БАҚ та биыл жиі көтерген. Алайда, жағымсыз иісті жояды деген «Мокрый барьер» жобасы әлі іске асқан жоқ.


«Комендатка өзенін көріктендіру» тақырыбы да биыл Өскеменде көп көтерілді. Комендантканы абаттандыру -7-ші, «Медициналық қалдықтарды жою»-6-орында тұр.


«Трамвай мен трамвай өткелдеріндегі жолдың жағдайы» өскемендіктерді толғандырған мәселенің ішіндегі ең көкейтестісі болғанын бұл тақырыптың 5-орынға тұрақтағаны көрсетіп отыр. Трамвайдың экологияға қанша қатысы бар? Трамвай рельстерінің үстінен қиып өтетін көлік жолдарының жөнделмей жатқандығы көліктерден ауаға бөлінетін газдардың көбеюіне себепші болып отыр. Рельс үстіндегі шұрық тесік жолдар көліктер жылдамдығын төмендетуге мәжбүр етеді. Соның салдарынан жылдамдығын күрт төмендетіп, қайта жоғарылатқан көліктерден бөлінетін газ көлемі артады. Осы тақырып көтерілген соң қаланың біраз жерінде рельстің үстінен өтетін жол бөліктері жөнелген болатын.


Қала тұрғындарын қатты шулатқан Өскеменде «Ядролық отын банкі»нің ашылуы тақырыбы ел ішінде талқылануы жағынан -4-ші орындағы мәселе болып тіркелінген. «Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау мен жою», «Қаланы көгалдандыру» мәселелері халықты толғандыруы жағынан 3-ші және 2-ші орында тұр. Өскемендіктер үшін ең өзекті мәселе болып келе жатқан «Қала ауасының ластануы» тақырыбы талқылануы, көтерілуі, маңыздылығы жағынан да 1-ші орында тұр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив