KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Тегін қаржы иелерін тапты

7.12.2017, 07:04 76

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз ісін жаңа бастаған, кәсібін өркендетуді жоспарлаған ауыл, қала тұрғындарының инновациялық жобаларына беріліп келе жатқан мемлекеттік грантқа биыл біздің облыстың сегіз кәсіпкері ие болды.


Кәсіпкерлер қолдарына тиген тегін қаржыны жаңа өндіріс орындарын, қызмет көрсету нысандарын ашуға, өнім түрі мен көлемін ұлғайтуға жұмсап жатыр.


Биылғы мемлекеттік грантқа Аягөз, Абай, Глубокое, Жарма аудандары кәсіпкерлерінің де қолы жетті. Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген гранттық қаржы жоба иелерінің мүмкіндіктеріне қарай 600 мыңнан 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде беріліп отыр. Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылының тұрғыны Серік Ахметжанов мемлекеттен бөлінген 600 мың теңге ақшаны балалардың демалыс орынын ашуға жұмсамақ. Кәсіпкер үшін бұл азын-аулақ грант бар мәселені шешіп тастамаса да, демалыс орынын құрал-жабдықтармен жабдықтауға өз септігін тигізбек. Абай ауданында «Аяулым» ЖК ашқан Айдос Қайсабеков 3 млн. теңге грантқа макарон өндіретін цех ашып, ауылдастарына жұмыс орынын ашуды көздесе, аягөздік «Мустахит» ШҚ иесі Бағлан Мұсафірбекова 3 млн.теңге грантты малға беретін түйіршікті жем өндірісін іске қосуға қажетті қоспаны сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр. Өскемендегі «Dia Tech» шағын кәсіпорынының иесі Станислав Барсуков мемлекеттен бөлінген гранттық қаржыны полимер-композитті материалдардан өнеркәсіптік құралдар өндіретін өндірісін қайта жарақтандыруға пайдаланбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив