KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Гигиеналық қағаздар шығару өндірісі Өскеменде ашылады

22.12.2013, 18:00 80


Өскемендік жас кәсіпкер гигиеналық қағаздар шығару өндірісін ашып жатыр. Жаңа өндірісте күніне 20 мың орама қағаз шығарылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ерлан Жармұхаметов бұл өндіріс көзін өзіне мемлекеттен тегін берілген үш млн. теңге қаржының көмегімен жүзеге асырмақ. Іске қосылған кезде Ерланның кәсіпорыны15 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін болады.

– Кәсіпорындар мен кеңселерден, мектептерден, түрлі мекемелерден шығарылып жатқан есепсіз көп қағаздар далаға шашылып, текке қоқысқа кетуде. Біздің кәсіпорын осы макулатураны қайтадан өңдеп, кәдеге жарататын болады. Қағаздарды мекемелерден белгілі бір бағамен сатып аламыз. Бұл елдің бір кездердегідей қағаз өткізуге деген қызығушылығын арттырады. Өскемендегі базарлар мен ірі сауда орындарынан қағаз қабылдау пункттерін ашып, макулатураны сонда қабылдаймыз. Сәтін салса, жаңа кәсіпорынымызды сәуір айында іске қосамыз, – дейді Ерлан Жармұхаметов.

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша биыл қазақстандық кәсіпкерлерге алғаш рет мемлекеттік гранттар берілді. Шығыс Қазақстанның тоғыз кәсіпкері қыркүйек айында үш млн. теңгеден осындай қайтарымсыз қаржы алды. Олардың бәрі – кәсіпкерлігін енді бастап жатқан жастар. 2013 жылы біздің облысқа осы мақсатта республикалық бюджеттен 30 млн. теңге бөлінсе, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы келер жылға 90 млн. теңге мемлекеттік грант бөлуге өтінім беріп отыр.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив