KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Тұрғындар пәтер иелері кооперативтеріне 230 миллион теңгеден астам берешек

28.11.2017, 17:49 91

Пәтер иелері кооперативтері алдындағы тұрғындар қарызы көппәтерлі тұрғын үйлер қорындағы ең өзекті проблемаға айналды. Өскеменде әзірге төмен тариф сақталып тұр, шаршы метрге - 27 теңге.  Алайда бұл тариф жағдайдың оңалуына әсер етер емес. Қарызды жинап алу қиын шаруа, оны тек сот шешімімен ғана өндіріп алуға болады. Дегенмен келесі жылдан бастап осы міндет тұрғын үй инспекциясына жүктелуі мүмкін.


-  Бұл заңды түрде жазылғаны дұрыс. Сонда ғана борышкерлерге әкімшілік жаза тағайындай аламыз. Осындай шара ғана көптеген проблемаларды шешіп, тұрғындардың жауапкершілігін арттыратын болады,-дейді Өскемен қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Фархат Жылыбаев.

Айта кету керек, үйге толықтай қызмет көрсету осы пәтер иелері коопертаивтерінің  тікелей міндеті. Сондықтан қарамағындағы үйлерге кететін шығын да сәйкесінше бөлінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив