KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Суретші Николай Аштема: «Таңдаған жолымнан тайқыған емеспін!»

12.11.2017, 07:51 144

32-жасында Николай Аштемаға жалақысы жоғары, лауазымдық  мүмкіндігі зор  ССРО  қаржы министрлігінен жұмыс орны ұсынылады.  Алайда қылқаламын қимаған сыршыл жан  қиялына ерік беретін суретшілікті таңдап сол жолға түседі. Бүгінде сол таңдауына еш өкінбейді.  Еліміздің және Ресей Федерациясы суретшілер одағының мүшесі, Өскемендегі  сурет және кескіндеме студиясының жетекшісі  Николай Аштема   Украинада дүниеге келген.  Қаржы институтында білім алып, құрылыс мекемесінің жоспарлау бөлімінің бастығы қызметіне  атқарған.  Бала шағынан бастап  сурет салуға құмар болған ол  осы өнердің  болашақтағы  асыл арманына, жаны сүйер ісіне айналарын сезбеген де еді.



– Ол уақытта инженердің еңбекақысы 120 рубль еді,  ал мен 300 рубль алатынмын.  Дегенмен мен бір күні алғаш рет кәсіби суретшіні кездестірдім.  Менің аздаған жұмысымды көрген ол : «барлығын таста,сен шығармашылықтың адамысың» деген кеңес берді.  Мен бір жылдай толғанып, ақыры оң шешім қабылдадым деп санаймын. 1932-ші жылы  алматы көркемөнер училищесіне түсіп, 1979-шы жылы Өскеменге келдім,-деп еске алады суретші өткен күндерін.


Ол кезде Қалалық мәдениет үйінде сурет студиясы жұмыс істейтін еді, оған марқұм Леонид Агейкин жетекшілік еткен.  Белгілі себептермен педагог ол жерден кетіп қалған соң,  орнына Николай Павлович Аштема келді. Міне, 38 жылдан  бері суретші қылқаламға  құмар жастарды өнерге тартып келеді.


Николай Павлович, - балалармен ересектерді оқыту бағдарламасының өз ерекешліктері бар,сондықтан мен соңғы категориядағы азаматтармен жұмыс істегенді жөн көрдім. Өйткені сол менің жаныма жақын болды. Сурет салам деп қызығып келушілер өте көп,  талабы зорлар да , тым нашарлары да кездеседі. Дегенмен ондайлардың меселін қайтармаймын,жүре бара өздері байқайды. Сурет салу оңай іс емес. Ол тұнып тұрған ғылым.  Бұл тіпті математика ғылымынан да жоғары нақтылықты қажет ететін сала , – деп  өз сырымен бөлісті.



Студия шабыт ортасы

–  Студия маған шығармашылық шабыт сыйлайды. Мен үйретуім керек, мен бәрін білуім керек, бәрінен артық болуым  қажет. Оқушыларымның арқасында мен қашанда жарау аттай  жұлқынып, жұмысқа дайын тұрамын. Олар сурет салса ,менің де қолымнан қылқалам түспейді, дейді Николай Аштема.


Кезекті  шығармашылық туныдысын бастамас бұрын,суретші  тақырыбын айқындап алады.  Көрген көркемдікті пейзажға айналдырса,  тарихи кітаптардан  түйген әсерлі оқиғаларды кенепке түсіреді.


– Мен оқушыларымда сурет салу өнерінен көрі, мәнерлілікті, жанмен сүюді,сезіне білуді қалыптастыруға тырысамын. Ой керек, әр нәрсені әр қилы ойлай білген абзал. Жұмысқа идеяны, ойды сала отырып  көркемдік берген дұрыс.  Егер оқушым осы ойымды  ұғынса, бұл мен үшін үлкен қуаныш, дейді  суретші.



38 жыл ішінде Николай Аштеманың алдынан талай адам өтті.  Олардың көпшілігі сурет өнерін таңдамағандары да ақиқат.Дегенмен жылына 2-3 азамат көркемөнер оқу орындарына түсіп жатқаны тағы рас.


–  Суретші болу екінің бірінің қолынан келмейді. Дегенмен студияға келіп, осы нәзік өнерге бір сәт көз салған адам өмірде тек әдемілікке, жақсы істерге құмар болары сөзсіз, - дейді Николай  Аштема.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив