KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Менің Қазақстаным» атты байқау-көрмесіне қатысқан суретшілер марапатталды

10.02.2014, 18:00 199



2014 жылғы 11-ақпанда Шығыс Қазақстан өнер мұражайында қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің туғанына жетпіс жыл толуына арналған бейнелеу өнерінің «Менің Қазақстаным» атты облыстық байқау-көрмесінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Конкурстық экспозицияның алдында жазушының туған жері Катонқарағай ауданында 2013 жылғы 24-29-маусым аралығында плэнер өткізіліп, екі мәрте экспозициялар көрсетіліп, алдынала дайындық жасалған болатын.

«Менің Қазақстаным» атты байқау-көрмесіне қатысқан суретшілер марапатталды
Қазылар алқасының төрайымы Н.В.Шиврина суретші Н.Аштемаға Бас жүлдені тапсыруда

Өнер мұражайының залында екі айдан бері көрермендер назарына ұсынылған бұл қорытынды көрмені өнер мұражайының және біздің кәсіби кескіндемешілеріміздің бір жылғы шығармашылық жұмысының нәтижесі деуге болады.

Қорытынды экспозицияда ағаштан бедерлі ою техникасымен орындалған жұмыс (С. Әділхановтың «Әуеннің тууы»), сондай-ақ аралас кескіндемелік техникамен орындалған ( Н.Аштеманың «О. Бөкейдің портреті», Н. Малютиннің «Аспан») жұмыстар қойылған-ды. Облыс суретшілері байқауға айтарлықтай шығармашылықпен қараған. Суретші Г. Бекбердинова О. Бөкейдің «Мезгіл әуендері» әңгімесінің желісінде салған «Аян» триптихімен қуантты. Байқауға Үржар, Шемонайха аудандарынан, сондай-ақ Өскемен, Семей қалаларынан 18 автор қатысты. Байқау Е. Жакишев, Ю. Сорокина сияқты жас авторлардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етсе, ал Н. Аштема мен Г. Макаров сынды танымал кәсіпқой шеберлерге жаңа шығармашылық шабыт пен тың тақырыптар бергені сөзсіз.

«Менің Қазақстаным» атты байқау-көрмесіне қатысқан суретшілер марапатталды

Құрамында өнертанушылар, мәдениет зерттеушілері, филологтар бар, Астана қаласындағы Заманауи өнер мұражайының директоры Нэлли Викторовна Шиврина жетекшілік еткен білікті қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды лайықты бағалап, жеңімпаздарға дипломдар, жүлделер мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Байқаудың Бас жүлдесіне өскемендік Николай Павлович Аштема ие болса, бірінші орынды семейлік суретші Ғұмар Ескендірұлы Макаров жеңіп алды. Екінші, үшінші орындар, тиісінше, Николай Васильевич Малютин мен Ирина Борисовна Журавлеваға берілді. Ынталандыру сыйлығы Ержан Сабырбекұлы Тұрғанбаевқа берілді. Жазушының жерлестері тағайындаған «Туған жерден тарту» арнайы сыйлығы суретші Анатолий Васильевич Бердюгинге тапсырылды.

Айтмұхамбет Қасымов, журналист
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив