KZ
Өскемен
+13°
дождь жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Қазақстандықтардың басым көпшілігінің мінгені ескі көлік

10.11.2017, 09:22 111

Соңғы он айда әкімшілік полиция органдарына 961 864 көлік тіркеліпті. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 19,4 пайызға көп.


«ҚазАвтоПром» одағының мәліметі бойынша тіркелген көліктің басым бөлігін қолдан-қолға өткен автомобильдер құрап отыр. Яғни, 907 633 көлік жай ғана иесін ауыстырған. Шығыс Қазақстанда 59 819 автомобиль екінші иесін тапқан. Бұл өткен жылға қарағанда 6,6 пайыз артық. Ал жаңадан сатып алынған көлік саны – 54231. Өсім – 9,7 пайыз.


Қайталап тіркелген автокөліктердің үштен екісінің жасы он жылдан асқан. 20 жылдан үлкен көліктердің үлесі – 36 пайыз. Су жаңа техниканың үлесі бір пайыздың көлемінде.


-Елімізде еуропалық стандарттар енгізіліп, заңдық тетіктер іске қосылғанына қарамастан, отандық автопарктың ескіден көз ашатын түрі жоқ. Екінші нарықта сатылған ескі көліктердің саны бір жылдың ішінде 31,6 пайыздан 36 пайызға өссе, шыққанына жыл толмаған көліктердің саудасы 2,6 пайыздан бір пайызға кеміген, - дейді одақтың басқарма төрағасы Олег Алферов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив