KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Бесқарағайда халық игілігіне жұмыс істейтін дәріхана ашылды

8.11.2017, 03:38 202

Бесқарағай ауылында басы ауырып, балтыры сыздаған аудан тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін дәріхана ашылды.


Барлық заманауи медициналық талаптарға сәйкес келетін әлеуметтік нысанды жеке қаражатына ашқан кәсіпкер Руфия Қисамиеваның айтуынша, бүгінде дәріхана халықты тегін босатылатын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге арнайы рұқсат алған.


– Жаңадан ашылып отырған бұл дәріхана аудан тұрғындарының игілігіне жұмыс істеп, ел экономикасының дамуына үлесін қосады. Алдағы уақытта Руфия Ноғайшинқызы басқаратын «Әлем-1» ЖШС басқа да әлеуметтік жобаларды қолға алады деп сенеміз, - дейді аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметуллин.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив