KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Көкпектіде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 82 жоба жүзеге асты

27.10.2017, 11:41 168

Биыл Көкпекті ауданында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 82 жоба жүзеге асырылған.


Нәтижесінде, жаңа жұмыс орындары ашылып, онда аудан тұрғындары еңбек етуде.

Ағымдағы жылы ауданда 64 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Осылайша, шағын және орта бизнесті дамытуға ден қойған көкпектіліктер екі сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.


– Шағын шаруа қожалықтарының басын біріктіріп, кооператив құру арқылы мемлекеттен техникаға, тыңайтқыштарға, асыл тұқымды мал өсіруге, жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік алатынын түсінген көкпектіліктер ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше мән беріп отыр, - дейді аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Мұқашева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив