KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 8 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Жаңа көлік бәріне ыңғайлы

19.10.2017, 12:38 173

Аягөз қаласындағы аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы жаңа көлікпен толықты. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған техниканы сатып алуға жергілікті бюджеттен 10,5 миллион теңге бөлінген.


Айта кетейік, арнайы көліктің жарымжан тұрғындарды қала ішінде үйінен орталыққа немесе емханаларға жеткізуде септігі мол. Жалпы, аталмыш орталықта 300-ге жуық адамға кешенді қызмет көрсетіледі. Оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедек балалар мен еңбекке жарамсыз азаматтар да бар.


– Бұрындары қызметкерлеріміз арбаға таңылған жандарды көлік ішіне өз күшімен көтеріп кіргізетін. Ал жаңа көліктің ерекшелігі сол, ішінде арнайы тұрақтандырғышы мен арбаны автоматты түрде көтеретін краны бар. Бұл өте ыңғайлы, – дейді аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Алмагүл Тұрмұхамбетова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив