KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

«Бір терезе» барлық мәселені шешеді

16.10.2017, 12:11 102

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Бұған дейін кәсіпкерлер палатасына аталмыш орталықтың жұмысын «Бір терезе» форматына көшіру жүктелген болатын.

Кәсіпкерлерді қағазбастылықтан құтқару үшін құрылған орталықтың қызмет сапасына талай сын айтылып жүр. Әсіресе, онда отырған өкілдердің тек жөн сілтеумен шектелетіні, шешім қабылдауға құзыреті бар мамандардың жоқтығы белгілі болған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, «Бір терезе жүйесін» енгізуді тапсырған. Сол ескертулерден нәтиже шығып, орталықта сегіз органның өкілдері бір жерге шоғырланыпты.


Облыс басшысы әр маманмен сұхбаттасып, күн сайын неше адамға қызмет көрсететінін сұрады. «Өскемен жылу желілері», «Шығысэнерготрейд», «Өскемен водоканал» компанияларының өкілдері, мемлекеттік сатып алу, кедендік бақылау, жер қатынастары саласының қызметкерлері, ІТ-технология мамандары мен заңгерлер қазір мұнда тек кеңес беріп қана қоймай, техникалық құжаттар мен түрлі анықтамалар ұсынады. «Бизнес мектебі», «Кезекші прокурор» кабинеттерінің де кәсіпкерлерге көмегі зор.


-Ескертуден нәтиже шығыпты. Бір аптаның ішінде мемлекеттік кіріс, әділет департаменттерінің, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығының мамандары да келетін болады. Енді кәсіпкерлер бір жапырақ қағаз үшін ары-бері сенделмей, бір терезенің түбінен мәселесін шешетін болады, - деді облыс басшысы.


Аймақ басшысына өңірдің коммуникациялары мен жер телімдерінің интерактивті картасы таныстырылды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий Семей қаласындағы орталықты да «Бір терезе» жүйесіне көшіруді ұсынды.


-Дәл осындай жүйе Семейде де жұмыс істеуі тиіс. Бір ай ішінде осы орталықтың жұмысына талдау жасалып, құқықтық қызмет көрсететін қосымша орталықтың жобасын дайындаңыздар. Ал бүгін маған көрсетілген жүйе ертең бұрынғы қалпына түсіп, мұндағы мамандар тарап кетіп жүрмесін, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив