KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Мүгедек адам тілсіз жаудың құрбаны болды

2.10.2017, 10:12 168

Катонқарағай ауданында №37 өрт бөлімі бастығының орынбасары Дарын Сапарқанов отқа оранған үшқабатты үйдің тұрғындарын өрт сөндірушілер келгенше ғимараттан алып шықты.


Өрт азаматтық қорғаныстың аға лейтенанты Дарын Сапарқанов тұратын көпқабатты үйде жексенбі күні таңертең шыққан.


«Қызыл жалынды көрген мен бірден өртке қарсы қызметке хабарладым да, оның ошағына ұмтылдым. Мен ол пәтерде мүмкіндігі шектеулі егде әйел адамның тұратынын білетінмін. Сол себепті көп ойланбастан есікті бұзып, ішке ендім. Өкінішке орай мен кеш қалыппын. Бөлменің ішінен қою қара түтін бетіме лап етті, мен жанып жатқан қоқыс пен төсектің үстінде жанып кеткен мәйітті байқап қалдым. Уақыт созбастан дереу көршілерді далаға шығаруға кірістім. Әріптестерім келгенше мен бірінші подъездің тұрғындарын түгел далаға алып шығып үлгердім, - дейді Дарын Сапарканов.

Өрт сөндірушілер қалған тұрғындарды алып шығып, тілсіз жауды сөндірді. Тұрғын үйден барлығы 36 адам басқа жаққа көшірілді, олардың 8-і балалар. Құтқарушылар өртті толық сөндіріп, жалынның көрші пәтерлер мен төбеге тарауына жол бермеді.


Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады. Оның шығу себебі ретінде отты абайсыз пайдаланған және электржабдығын орнату мен пайдалануда өрт қауірсіздігі техникасын сақтамаған деген болжамдар айтылуда. Қазір кінәлі адам мен келген шығын анықталуда.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив