KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Шемонайхада 29 адам тілсіз жаудың тырнағынан құтқарылды

5.07.2018, 05:18 160

Жыл басынан бері облыста 28 адам өрттің құрбаны болды,тағы осынша адам жарақат алған. Шемонайха ауданында бесқабатты тұрғын үйдетүнде шыққан өрттің кесірінен 29 адам басқа жаққа көшірілді. Олардың тоғызы –балалар. Бір адам тілсіз жаудың құрбаны болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өрт үйдің бесінші қабатынан шыққан. Абырой болғанда, қырағы көршілер түн баласында түтіннің иісінен оянып, өрт сөндірушілерге хабарлайды. Дер кезінде жеткен құтқарушылар оттың ошағын тез анықтайды. Подъездің іші қара түтіннен көрінбегендіктен өртке қарсы қызмет мамандары иістен қорғау қызметінің белдеуін жасап, дереу тұрғындарды көшіруге кіріседі. Осылайша 29 адам тілсіз жаудың құрығынан құтқарылды.


Түтін басып қалған бір бөлмелі пәтерді қарап шыққан өрт сөндірушілер 57 жастағы әйел адамның жансыз денесін тауып алады. Үй иесі өлімінің себебін қазір тергеу орындары анықтап жатыр. Мамандар қасақана өртеген деген болжамды да жоққа шығармайды. Алдын ала болжам бойынша, өрт диваннан үш метр қашықтықта тұтанған, барлығы үш шаршы метр аумақты қамтиды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив