KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Өскемендегі оңалту орталығының қызметі қандай?

20.09.2017, 04:02 239

Өскемен қаласында Қазақстанда теңдесі жоқ, ересектерге арналған оңалту орталығының ашылғанына екі жылдан асты. Германия, Оңтүстік Корея сияқты елдердің озық медицина жабдықтарымен қамтамасыз етілген емдеу орнында стационарлық және емханалық көмек көрсетіледі.

Оңалту ем-домы неврологиялық, кардиологиялық бағыттағы және ортопедиялық оталар жасатқан науқастарға үш кезеңмен жүргізіледі. Бұдан басқа ақылы қызметер де қарастырылған.


90 орындық орталықта қазір жүз адам емделіп жатыр. Неврологиялық бағытта инсульт алғандар мен нейрохирургиялық ота жасатқандар, кардиологиялық дерттердің ішінде инфаркт алғандар, аортокоронарлы шунтирование жасатқандар, стенд қойғызғандар, ол травмотологияда жамбас, тізе буындарын эндопротезбен алмастырған немесе әртүрлі сынықтардан кейін аяқ-қолдарының қызметін қалпына келтіруді қажет ететін науқастар бар.


— Біздің мақсатымыз ауыр дерттен кейін науқастарды кешенді түрде емдеп, оңалту. Мысалы, буындардың қызметін қалпына келтіру үшін физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж және басқа да көптеген ем-шаралар қолданылады. Науқастың жағдайын жақсарту үшін кардиолог, невропотолог, ортопед сияқты дәрігерлер мен дене шынықтыру инструкторлары, физиотерапевтер, басқа да мамандар бірлесіп, команда болып жұмыс істейді, - деп түсіндірді қалпына келтіру емі бөлімінің меңгерушісі Галина Иванова.


Екі жылдың ішінде орталықта төрт мыңға жуық адам денсаулықтарын оңалтып, сауығып шыққан. Олардың ішінде 2016 жылы емделген 2268 пациенттің 624-і облыстың аудандары мен қалаларынан жіберіліпті. Ал 2017 жылдың сегіз айында оңалтылған 1704 науқастың 513-ы аудандардан жолдамамен түскендер.


— Науқасқа оңалту шараларын қабылдауды учаскелік терапевт немесе ота жасап, емдеген дәрігер ұсынуы керек, — дейді неврология бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Кулиниченко. – Ауылды жерлерде фельдшерлік-амбулаторлық пункттің дәрігерлері шешім қабылдайды. Олар біздің электронды мекенжайымызға пациенттің барлық сараптамаларын, болса МРТ зерттеулерін жібереді. Одан кейін орталықтың мультидисциплинарлы комиссия мүшелері құжаттармен мұқият танысып, науқастың оңалтуға жататын-жатпайтыны туралы жауапты екі күннің ішінде қайтарады. Егер жергілікті жерлердегі дисциплинарлық комиссия дұрыс жұмыс істесе, біз жолдаған азаматтарды міндетті түрде қабылдаймыз. Егер науқас оңалту орталығына жатқызуға келмесе, біз олардың себебін түсіндіріп, жауап жазамыз.

Науқастарды оңалтуға жатқызудың шектеулі мерзімдері барын ескерген жөн. Мысалы, инсульт алғандар жарты жылға дейінгі мерзімде , нейрохирургиялық ота жасатқандар, сынықтары бар науқастар бір жылдың ішінде оңалту ем-домын қабылдауға тиіс. Ал осындай ауыр дерттерге шалдыққандарына көп жыл өткендерге орталықтың қызметтерін ақылы түрде қабылдауға болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив