KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Білместікпен салық төлегендер ақшаларын қайтарып алуға болады

13.09.2017, 09:08 124

Облыстық прокуратура өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандар төлеуден босатылғанына қарамастан түрлі салықтар мен алымдарды бюджетке ұзақ мерзім бойында төлеп келгенін анықтады. Қадағалаушы орган мұқтаж жандарға заңсыз төленген ақшаларын қайтарып алуға болатынын ескертеді.


Прокуратура қызметкерлері 2015 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың маусымы аралығына талдау жасағанда 12 128 шығысқазақстандық мүмкіндігі шектеулі жан мемлекет қазынасына 40 миллион теңге шамасында заңсыз төлем жасағанын әшкереледі. Бұл санаттағы адамдар төлемдерден заң түрінде босатылғанына қарамастан осындай құқықбұзушылық орын алған. Мұқтаж жандар қарастырылып отырған уақыт аралығында жер және мүлік салығын, мүлікті мемлекеттік тіркеу алымдары мен өзге мемлекеттік баждарды бюджетке өтеп келген.


Заң бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдар негізсіз мемлекет қазынасына ақша төлемдерін жасаса, бұл ақша олардың арызы негізінде қайтарылуға тиіс.


Осыған орай облыстық прокуратура білместікпен бюджетке төлем жасаған мұқтаж жандарға оларды қайтарып алудың төмендегідей жолдарын ұсынады.


Мемлекеттік баж төлемдері өткен 3 жылға қайтарылса, салықтар соңғы 5 жыл бойынша қайтарылады.

Жаңсақтықпен салық төлегендер ақшасын қайтарып алу үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінулері қажет.


Ал алымдар мен мемлекеттік баж сомаларын қайтару үшін тіркеу немесе рұқсаттама әрекеттерін жасаған органдардан төлемді қайтарудың негізділігі туралы қорытынды алып, соңынан салық органына бару қажет.


Төлемді қайтару арызымен қоса банкте есеп-шоттың бар екенін растайтын құжат, төлемнің жасалғанын растайтын түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі бірге берілуі қажет.


Сонымен қатар қадағалау органы мүмкіндігі шектеулі жандарға бюджетке төмендегідей төлем жасаудан босатылатындарын ескертеді:


- жеке тұлға ретінде мүлік, ауылшаруашылық нысандағы жерлер, елді мекендегі жерлер үшін салық төлеуден;


- жылжитын мүлік кепілін, жылжымайтын мүлікке және авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша алымдар төлеуден,


- нотариалдық әрекеттерді куәландыру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жеке тұлғаны куәландырушы құжаттар беру, мемлекеттік номерлік белгілер беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық әрекеттерді растау, соттарда құжат тапсыру үшін төленетін мемлекеттік баждардан босатылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив