KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Мектеп жанындағы жолдар бақылауға алынды

12.09.2017, 04:51 210

Облыс орталығындағы А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі жол шетінде орналасқан. Білім ордасының жол қозғалысы жас инспекторлары оқу жылының алғашқы аптасында сол маңдағы жол қозғалысына бақылау жасаған болатын.


Жас полицейлердің көңілі жаяу жүргіншілермен қоса жүргізушілердің іс-әрекеттеріне де толмады.


-Мектебіміз жолдың шетінде орналасқан. Ал ойынға немесе әңгімеге елітіп кеткен балғындар жолдан өткен кезде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Сол себепті біздің міндетіміз - жүргізушілерге бала аяғы көп балабақша мен мектептердің жанынан өткенде абай болып, балалардың қауіпсіздігіне мән берулерін еске салу, - дейді «Жол аман» жас инспекторлар отрядының командирі Нұрсұлтан Тілеубаев.


Жол қозғалысының белсенділері жүргізушілерге жолда абай болуды насихаттайтын парақшалар таратты. Оқушылар үлкендер олардың бастамаларын қолдап, жол қозғалысы ережелерін бұзбайтын болады деп үміттенеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив