KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да мемлекеттік сатып алу процесстерін журналистер бақылайтын болды

24.08.2017, 04:52 157

Облыстың бір топ журналистері мен облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық белсенділер медицина саласындағы мемлекеттік сатып алу процесстерін өздері қадағалау мүмкіндігіне ие болды. Өткен аптада облыс әкімі Даниал Ахметов осы мәселелерге сыни тұрғыда қарайтын журналистердің тобын құруға уәде еткен болатын. Сейсенбі күні облыс басшысы БАҚ өкілдерімен кездесіп, осы топқа кірген әріптестеріміз бен қоғам өкілдерінің тізімін жариялады.


- Біз қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесін құрғымыз келеді. Топқа кірген бақылаушылар мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізеді, көмек көрсетеді және объективті арбитрлар болады. Комиссия мүшелері медициналық құрал-жабдықтар мен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің ауқымында сатып алынатын тегін дәрі-дәрмектің мемлекеттік сатып алуларын бақылайды, - деді аймақ басшысы.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінген алты миллиардтан астам қаржы қалай , нақты қандай құралдарға жұмсалатыны жайлы баяндап берді. Маусым айында құрылған арнайы комиссия облыстағы барлық емдеу мекемелерінің жабдықталуына аудит жасап, кемшіліктерді анықтаған болатын. Әсіресе облыстық онкологиялық диспансер мен атауы ғана «инсульт орталығы» саналатын №1 қалалық аурухананың аталмыш бөлімшесінің құралдары тіпті сын көтермейтіні белгілі болған-ды. Марат Шоранов практикалық дәрігерлердің қатысуымен аса қажетті деген 1023 медициналық техниканың тізімі жасалғанын жеткізді. Осы мақсатқа алты миллиард 58 миллион теңге бөлініп отыр.


Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Гульмира Сағидуллина құралдарды таңдауда олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігіне, кепілдік қызмет көрсетілу мүмкіндігі мен техникалық сипатына басты мән берілгенін айтты. Онкологиялық диспансер алдағы уақытта компьютерлік томография, операция болгына қажетті эндоскопиялық аспаптармен, көпфункционалды төсектермен толығатын болады.


Тізімге енген он алты бақылаушыға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қолымен бекітілген құжат беріледі. Олар тендердің конкурсын бақылап, өздерін қызықтырған мәліметтерді алуға құқылы. Бірақ тендер комиссиясының жұмысына араласа алмайды.


Облыс басшысы бұл тәжірибе жақсы істеп кетсе, келешекте басқа да бағыттарда қолдануға болатынын ескертті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив