KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
475.18 510.72 5.47

Көкпекті ауданында қара ангус пен қазақтың ақбас сиырынан жаңа тұқым алынды

24.08.2017, 03:32 180

Көкпекті ауданында қара ангус пен қазақтың ақбас сиырынан жаңа тұқым алынды. Асыл текті мал шаруашылығының асығын алшы түсіріп отырған жергілікті қожалықтардың бұл жаңалығын осы ауданға ат басын бұрған облыс әкімі Даниал Ахметов те жылы қабылдады.


Сонымен қатар жұмыс сапары барысында аймақ басшысы көкпектілік шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, агросекторды дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Білім беру саласында қолға алынған ілкімді жұмыстармен танысты. Бір қуантарлығы, ауданның ағымдағы жылы мектеп бітірген түлектері ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) нәтижесі бойынша өңірдің аудандары арасында көш бастаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив