KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Жасы 27-ден асқандар полицияға жұмысқа кіре ала ма?

18.08.2017, 06:37 87

– Менің жиенім өткен жылы жол-патрульдік полиция қызметіне жұмысқа орналасуға құжаттар тапсырған болатын. Алайда, оған ондағылар жасы 27-ге толып кетуіне байланысты, қызметке алынбайтындығын айтқан болатын. Бірақ жақында ішкі істер саласына қызметке қабылдау ережесінде бірқатар өзгерістер орын алғанын естідім. Сұрағым келгені, аталған өзгерістердің жасқа байланысты талаптарға қатысы болды ма?


Раушан Заманбекқызы,

Семей


Сауалға Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев жауап береді:


– Ия, Сіз айтып отырған өзгерістер жұмысқа қабылдаудағы жас шамасына да қатысты болды. Бүгінгі таңда заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, полицияға офицерлік және сержанттық лауазымға 35 жасқа дейінгі тұлғалар қабылданады. Сонымен бірге, жол-патрульдік полиция қызметінде сержанттық лауазым офицерлік лауазымға ауыстырылған. Бұл өз кезегінде сәйкесінше білімді талап етеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив