KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, С
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да тілдік лагерлер жұмыс істеп жатыр

25.07.2017, 08:55 141

Биыл жазда облыстың үш ауданында 450 бала үшін үш тілде білім беруді дамытудың кешенді жоспары аясында тілдік лагерлер жұмыстарын жалғастырады.


Әр лагерде 150 оқушы демалады. Күршім ауданындағы «Балдәурен» лагерінде орыс тілінде білім алатын балалар үшін қазақ тілін тереңдете оқытатын ауысым, Үржар ауданындағы «Үржарайым» лагерінде ағылшын тілін тереңдете оқытса, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жігер» лагерінде мемлекеттік тілде оқитын балаларға арналған орыс тілін тереңдетіп оқытатын ауысым қызмет көрсетеді.


Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі колледждері студенттерінің дәстүрлі демалысы ретінде белсенді демалыс пен заманауи жағдайға еңбек дағдыларын қалыптастыру арқылы бейімдеу қарастырылған.


Өткен жылдан бастап студенттерге еңбек және демалыс лагерлері ұйымдастырылған. Биыл олар үш колледждің негізінде: Самар аграрлы-техникалық колледжі, Шемонайха колледжі және Бесқарағай колледжінде жүзеге асады. «Мамбет», «Рауш» және «Балке» шаруа қожалықтарында 60 студент еңбек пен демалысты қатар алып жүреді. Балалар үшін барлық жағдай жасалған: жұмыстан кейін жуыну, төрт мезгіл тегін тамақтану, салауатты әрі көтеріңкі көңіл-күй.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив