KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

Катонқарағайдың шалғай ауылдарында мәдениет ошақтары ашылып жатыр

14.07.2017, 04:37 210

Былтырға дейін Катонқарағай ауданындағы Новополяковка ауылдық округінің бес ауылында да бірде –бір мәдениет үйі жоқ болатын. Қазіргі күні округтің екі ауылында клуб жұмыс істеп тұр.


Өткен жылғы желтоқсан айында Сенное ауылында, жуықта Новополяковка ауылында мәдениет үйлері ашылып, ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай туғызылды.


Новополяковка аулының тұрғындары осы уақытқа дейін өздерінің мәдени іс-шараларын, демалыстарын кешкісін ауыл мектебінде өткізуге мәжбүр болып келген. Жиырма жыл бойы клуб бетін көрмеген елдімекен тұрғындары мәдениет ошағы дегенді мүлде ұмытқан. Сондықтан мәдениет үйінің ашылғаны ауылдың жасы да, кәрісі де үшін үлкен мереке болды.


Көптен күткен клубтың ашылу салтанатында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин, округтегі ақсақалдар алқасының төрайымы Қарлығаш Исинева, ауыл жастары атынан Шынар Рахимова тер төге еңбек етіп жатқан новополяковкалықтарды қуанышты оқиғамен құттықтап, ақ тілектерін жеткізді. Коробиха мен Сенное ауылдарынан келген «Сударушки», «Бергалы» фольклорлық топтары, жергілікті «АБК» вокалды тобы ауыл клубына лық толған тұрғындарға өз өнерлерін арнады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив