KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

А.С.Пушкин атындағы кітапханада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған жеке бағдарлама басталды

13.02.2013, 18:00 190


А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған жеке бағдарлама басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының мәліметіне сүйеніп.

Кездесу барысында жиналғандардың назарына ЭКСПО тарихынан алынған қызықты дәлелдер, шабыт берер статистика, осы көрнекті Халықаралық көрмеге Қазақстанның қатысуы туралы, оқиға орнынан сыр шертетін бейнеүзінділер ұсынылды. Мұның барлығы қатысушылардың бұл ірі әлемдік оқиға жайында өз түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Пушкин кітапханасы арнайы веб-сайт бөлімін құрастырды, ол облыс халқын бүкіләлемдік көрме туралы ақпараттандыруға бағытталған.

Кітапханада көрсетілген «ЭКСПО-2017. Астана» бейнепрезентациясы қонақтарды Қазақстанның жобасымен таныстырды. Қатысушылар астанамыздың келбеті бес жылда қаншалықты өзгеретіні, ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайншылардың Халықаралық көрмеге қандай тосынсыйлар әзірлегенін танып-біле алды.

Қазақстан тарихындағы осы ірі оқиға – ғылыми әрі шығармашылық ойдың жаңа айналымын сомдап, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму беделін жаңғыртады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив