KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ЭКСПО көрмесіне берілген жолдамаға шенеуніктердің балалары ғана іліне ме?

11.07.2017, 08:33 135

Шемонайха ауданынан Астанадағы халықаралық Экспо көрмесін тамашалауға негізінен шенеуніктер мен мұғалімдердің балалары бармақ.


Бұл жайында Усть-таловка ауылының тұрғыны, көп балалы әке Александр Карпачевті «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасы қабылдаған кезде мәлім болды.


-Менің балаларымның бәрі шетінен дарынды. Қызым қазақ тілі байқауынан 1 орынды жеңіп алған. Жуықта оған Экспо көрмесіне жолдама берді. Сол жеңілдікпен берілуге тиіс жолдамалармен негізінен мұғалімдер мен шенеуніктердің балалары бара жатыр. Менің қызым ғана араларында «бөтен», - деді сегіз баланың әкесі.


Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында сегізінші шілде күні «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев азаматтарды қабылдаған болатын.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив