KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Журналистер мерекесі ШҚО-да бір аптаға жалғасты

4.07.2017, 03:50 118

ШҚО-да БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі бір аптаға жуық уақыт бойы атап өтілді. Ісінде кәсіби шеберлік танытып, үздік деп танылған тілшілер облыс әкімінің марапатына ие болды.


Аймақтағы редакциялар ұжымдары арасында волейбол, футбол сынды спорт түрлерінен жарыс өткізілсе, артынша пейнбол ойынында бақтарын сынады. Мереке күніне орай өткізілген пресс-тур аясында «төртінші билік өкілдері» Ұлан ауданында болып, туризм саласы дамып келе жатқан ауданның потенциалымен танысып қайтты.


Осылайша бір аптадан астам уақыт шығысқазақстандық БАҚ өкілдерін түрлі басқармалар мен мемлекеттік органдар құттықтады. Облыс әкімі Даниал Ахметов журналистерді мерекесімен құттықтап, алғыс хат табыстады. Соның ішінде 24 журналист 9 номинация бойынша «Журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін» атты аймақ басшысының сыйлығына лайықталды.


– Журналистика – оңай сала емес. Тілшінің таратқан ақпараты қоғамдық ойды қалыптастырады. Сол қалыптасатын ойы тек бейбітшілік пен ауызбіршілікті көздеген ой болғанын қалаймын. Сіздер осылайша елімізде татулықты сақтауда үлес қосып келесіздер, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


Сондай-ақ, бірқатар редакциялар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік репортаж», «Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы жайлы үздік материал», «Менің елім – Шығыс Қазақстан» атты үздік патриоттық материал», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Теле-радио журналистика дамуына қосқан үлесі үшін» атты номинациялар бойынша марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив