KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Мұхтар Әбілязовқа 20 жыл берді

6.06.2017, 18:00 186



Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сәрсенбі күні қазақстандық "БТА банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовты 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі сот залынан.

"Мұхтар Әбілязов айыпты деп табылсын (...) және мүлкін тәркілеумен бірге 20 жылға темір торға тоғытылсын ", - деді үкімді оқыған судья Мәртпек Кәкімжанов.

Сонымен қатар, сот үкіміне сәйкес, М.Әбілязовқа 300 АЕК көлемінде айыппұл салынып, үш жыл мерзімге банк саласында кәсіби қызметпен айналысуына тыйым салынды.

АЕК– айлық есептік көрсеткіш, Қазақстанда 1 АЕК 2269 теңгені құрайды, ағымдағы бағам – 312,84/$1.
М.Әблязтың соты сырттай өтуде.

Сот биылғы жылдың 3 сәуірінде басталып, оның барысында 200 куәгерден жауап алынған болатын.
М.Әблязовқа қылмыстық топ құрып, басқарды, БТА банктің қаражатын жымқырып, шетел асырды, банктің қаражатын заңсыз пайдаланды, қызметін асыра пайдаланды деген айыптар тағылған. Тергеу жұмыстары жымқырылған қаржы халықтың зейнетақы және жеке жинақтары екенін анықтаған.

Шетелде көп жылдар бойы өмір сүріп жатқан М.Әблязовқа қатысты іс 2009 жылы қозғалған.
2013 жылдың 31 шілдесінде М.Әблязовты Франция билігі құрықтады. 2013 жылдың тамызында Қазақстан, РФ мен Украина жеке-жеке М.Әблязовты Франциядан экстрадициялау туралы сұраныс жіберді.

2015 жылдың қыркүйегінде Франции билігі М.Әлязовты Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарды. Ресейде экс-банкир ақша жымқырғаны үшін сот алдында жауап беруі тиіс еді.

Алайда 2016 жылдың 9 желтоқсанында Франция Мемлекеттік Кеңесі М.Әбілязовты Ресейге беру туралы қаулының күшін жойып, банкирді босатқан болатын.

Ресей билігі М.Әблязовты $5 млрд. қаржы жымқырды деп айыптауда. Ал Қазақстан банкир мен оның сыбайластары жымқырған қаражат көлемі $7,5 млрд. асады дейді.

interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив