KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Шекарадағы ақша мәселесі - бір үміт оты оянды, іс қайта қаралатын болды

1.06.2017, 18:00 151


Зайсан ауданы Майқапшағай бекетінде ақшасы тәркіленіп, істі болған Гүлжан Мәуітханның ісі прокуратураға қайтарылды. ШҚО қылмыстық істерді қарайтын апелляциялық соты бүгін осындай шешім шығарды.

Апелляциялық соттың шешімі бойынша Зайсан аудандық сотының шешімі күшін толықтай жойып, Гүлжан Мәуітханға қатысты іс қайта қарау үшін прокуратураға қайтарылды. Мұқият Мәуітхан мен Әділбек Мұқташұлына қатысты «жалған жауап берді» деген айыппен шығарылған қаулы да өз күшін жойды.

Гүлжан Мәуітханның қорғаушысы Айжан Дарибаеваның айтуынша, бір үміт оты оянды, істі қайта қарау бір –бір жарым айға созылуы мүмкін.

Толығырақ «Дидар» газетінің таяудағы нөмірінен оқисыздар.

Айна Ескенқызы
Сурет: baq.kz сайтынан




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив