KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Beeline Қазақстан операторы Риддерге 4G қосқанын хабарлады

29.05.2017, 18:00 177



Байланыстың қазақстандық операторы Beeline Петропавлда және Риддерде коммерциялық мақсатта 4G қосқандығын жариялады, деп хабарлады сейсенбіде компанияның баспасөз қызметінен.

-Beeline нон-стоп режимінде LTE қамту аясын кеңейту жұмыстарын жүргізіп отыр. Ай сайын Қазақстан қалалары 4G қамтып отырған картаны толықтыруда. Бұл облыс орталықтары ғана емес, аудандық мәні бар пункттер,- деді Beeline-ның жаппай рынокты дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Евгений Настрадин, оның сөздері хабарламада келтірілген.

Қазір Beeline 4G қызметін Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен, Павлодар, Жезқазған, Қостанай, Сәтпаев, Бурабай, Көкшетау, Орал, Ақсай, Байқоңыр, Шымкент, Атырау, Ақтау, Шемонаиха, Рудный, Затобольск, Тараз, Теміртау, Екібастұз, Абайда көрсетіп отыр.

interfax.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив