KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Қытайлық клуб Вьетнам командасын еш қиындықсыз жеңді

24.05.2017, 18:00 273



Өскеменде өтіп жатқан волейболдан қыздар командалары арасындағы Азия чемпионатында жарысты қытайлық "Тяньцзинь Боxай Банк" командасы бастады.
Қытайлық клуб Вьетнам командасын еш қиындықсыз жеңді
Алғашқы ойынында қытайлық ұжымға Вьетнамның "Вьетин Банк Клуб" командасы қарсы тұрды. Жарыс басталмай тұрып-ақ чемпиондыққа басты үміткердің бірі саналған Аспанасты елінің командасы бұл матчта мықтылығын дәлелдеп, қарсыласын еш қиындықсыз ұтты. Ойын кезеңдеріндегі есеп 25:15, 25:21, 25:16. Қорытынды есеп 3:0. Осылайша, жұлдыздылар (ред. - Қытай Халық Республикасы мен Вьетнамның тулары бір-біріне өте ұқсас, екеуінде де сары жұлдыз суреті бейнеленген) шығысымыздағы көршілеріміздің мерейі үстем болды.
Қытайлық клуб Вьетнам командасын еш қиындықсыз жеңді
Ертең "Тяньцзинь" волейболшылары басты қарсыластарының бірі - жапониялық "Хисамицу Сеяку Спрингс" волейболшыларына қарсы ойын өткізбек. Ойын кешкі сағат 16:30-да басталады.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив