KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ЭКСПО-2017» көрмесіне Жарма ауданы екі жоба апармақшы

17.05.2017, 18:00 96



«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС 390 жармалыққа «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттерін сыйлады. Аудан аумағында алтын кенішін игеріп жатқан компания осынау демеушілік жобаға 2,34 млн. теңге шығындапты.

Әрқайсының бағасы 6000 теңге болатын 390 билетті аудан әкімі Нұрлан Сыдықов кәсіпорын директоры Юрий Овчинниковтың қолынан салтанатты түрде қабылдап алды. Әкімнің айтуынша, бұл билеттер ең әуелі соғыс және тыл ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына және аса дарынды оқушыларға табысталмақ. Ең бастысы, аталмыш билетке ие болған адамдардың Астанаға сапары толықтай аудандық бюджеттің есебінен төленеді.

-Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы тізім әзірледі. Сол тізімге енген 388 адам сегіз топқа бөлініп, «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонағы болып қайтады. Олардың жолы мен жүріп-тұруына билеттің сыртында 14 мың теңгеден бөлінді. Жалпы, аудан бойынша осы күнге дейін 1750 билет сатылды, - дейді Н.Сыдықов.
Бұлардың сыртында жармалық 200 дарынды оқушы облыстық білім басқармасы есебінен көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болыпты. Сегіз топтың барлығы Семей қаласының «Барика» туристік фирмасымен келісім жасасқан. Аталмыш келісімшартқа барып келу жолы, үш уақыт тамағы мен билет құны кіреді.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне жарма ауданы екі жоба апармақшы. Оның бірі судан, бірі күн сәулесінен қуат алуға негізделген.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив