KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

23-ықшамауданда қоқыс контейнерлері мүлдем жоқ

10.05.2017, 18:00 187



– Облыс орталығының іргесіндегі 23-ықшамауданда күнделікті тұрмыстық қалдықтарды тастайтын арнайы қоқыс контейнерлері неге қойылмайды? Тұрғындар көліктерімен өздері тасуға немесе өртеп жіберуге мәжбүр. Бұл мәселе қашан шешімін табады?

Гүлжан Қасенова
23-ықшамаудан, Өскемен.

Сауалға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев жауап береді:


– Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердің жоқтығы туралы мәселе қаралды. Мұндағы үйлердің көбі пешпен жылытылады. Сондықтан ықшамауданда ТҚҚ жинайтын контейнерлер орнату мақсатқа сай емес. Себебі, контейнердің жүктемесі артады, ал бұл арнайы машинаның көтергішін істен шығаруы мүмкін.
Тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауының тағы бір себебі, көрсетілген қызметтерге төлемдердің жасалмауы. «Өскемен-Тазалық» кәсіпорнының ақпараты бойынша коммуналдық қалдықтарды шығаруға қызмет көрсету үшін 132 шарт жасалған. Оның ішінде тек 57 үй ғана төлем жасап отыр.

Сондықтан бұл мәселе шешімін табуы үшін ықшамаудандағы әрбір үйдің иесі «Өскемен-Тазалық» мекемесімен жеке-жеке шарт жасасулары қажет.

Әзірлеген: Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив