KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 2 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Биылдан бастап ШҚО ауруханаларының бас дәрігерлері түгелдей аттестациядан өтеді

15.03.2017, 18:00 187



Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова медициналық мекемелердегі қондырғылардың 42 пайызын заманауи түрлерімен ауыстыру қажеттігін айтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ана өлімі, бала өлімі, онкологиялық аурулар, қан айналым дерті бойынша біздің облыс республикалық орта көрсеткіштен жоғары тұр. Мұндай жағымсыз тенденция соңғы бес жылдан бері үздіксіз жалғасуда. Мысалы, нәрестенің шетінеуі республикалық көрсеткіште мың балаға 8,6 деңгейінде болса, бізде бұл сан 9,34-ке тең. Басқарма басшысы бұл жердегі басты мәселе медицина мамандарының біліктілігіне тіреліп тұрғанын атады. Сала мамандарын үш кезеңдік жүйеде кешенді түрде оқыту бағдарламасы биыл да жалғасып, 715 қызметкер Семей медициналық университетінің базасында облыстың білікті мамандары мен профессорларынан дәріс алады. Екінші кезең бойынша тағы 150 маман аталмыш университет қабырғасында еліміздің үздік дәрігерлері мен ғалымдарынан шеберлік-сағаттарын қабылдайды. Ал үшінші кезең бойынша басшылық қызметтегі 63 маман шетелде біліктілігін арттырмақ. Оның 51-і жұмыстан босатыла отырып, алдын ала ағылшын тілін меңгеруі тиіс. Бұл мақсатқа 1,23 млрд. теңге жұмсалмақ.

Облыс әкімі Даниал Ахметов дәрігерлердің біліктілігімен қоса қызметтік тәртібін нығайту керектігін баса айтты. Ол үшін биылдан бастап ауруханалардың бас дәрігерлерін аттестациялау жүйесі енгізілмек. Осылайша, жер-жердегі аурухана басшылары сүзгіден өтеді..




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив