KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Елімізде қыз-келіншектер істеуге рұхсат етілмеген 149 мамандық бар екен

17.08.2017, 03:31 178

Қолданысқа екі мыңыншы жылдардың басында енген гендер сөзін, бұл терминнің мағынасын ол кезде ешкім де дұрыс білмейтін. «Әлі есімде, Ирина Унжаковға хабарласып, әйелдерге қатысты тендер өткізілгелі жатыр екен. Ол не?» деп сұрағыным деп есіне алады «Феникс» бейімдеу және даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нәзигүл Ахметқалиева.


«Нұртау» туристік базасында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқысымен ұйымдастырылған «Гендер және БАҚ» атты облыстық семинарда гендерлік саясат пен гендерлік стереотиптер деген не, бұл тақырып БАҚ құралдарында қалай көрсетіледі және қалай жазылуға тиіс сияқты мәселелер көтерілді.


-Осыдан он-он бес жылғы гендер туралы түсінік пен бүгінгі қабылдауымыз мүлде басқа. Ол түсінікті де. Өйткені кез келген түсінік уақыт өте өзгеріске ұшырайды, - дейді ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты, КР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Сарапшылар кеңесінің мүшесі Ирина Унжакова. – Көпшілік бұл терминді тек әйелдерге қатысты, олардың өз құқықтары үшін күресі деп жаңсақ қабылдайды.


Мысалы, Қазақстанда әкелерге де үш жасқа дейінгі бала күтімімен отыруға болады. Алайда бұл құқықтарын пайдаланған ер-азаматтар некен-саяқ. Бұл мысал да гендерлік теңдіктің жоқтығын көрсетеді.


Сонымен қатар қоғамда гендерлік стереотиптер қалыптасқан. Ер адамдар табыс табушы, ал әйелдер отбасын қорғаушы деп қабылданады. Алайда нәзік жанды дейтін қыз-келіншектер баяғы да-ақ бұл қалыптан шығып кеткен. Лондон Олимпиадасында медальдардың басым бөлігін әйелдер алды, және анау-мынау емес, спорттың ауыр атлетика сияқты түрінен алдарына жан салмады. Олардың жеңісіне қол соққандардың ешқайсысы да «олар нәзік жандар ғой, неге ауыр көтереді? » деген жоқ. Соған қармастан елімізде қыз-келіншектер істеуге рұхсат етілмеген 149 мамандық бар екен. Мысалы, паровоздың машинисі.


Ирина Унжакова ер адамдар әйелдің мейірімі мен оның үйде қызмет көрсетуін шатастыратынын қынжыла айтты. Тіпті бір әлеуметтік роликте таңертең киімін дайындап қоймаған анасына қатты ашуланып, үйден шығып кеткен жігіт есік алдында кішкене бала мен оның анасын кездестіреді. Анасы баласының бәтеңкесінің бауын байлап жатыр. Бұл көріністен өзіне бала кезден анасының істеген жақсылықтары есіне түскен жігіт үйге келіп, кешірім сұрайды.


-Сонда ол анасын сол істеген қызметтері үшін ғана жақсы көре ме? Қолы тимей қалса, онда шешесінің мейірімі болмағаны ғой. Мен роликті көріп отырып, қатты қапаландым, - деді спикер.


Соңғы кезде әсіресе әкелердің кішкентай қыздарын «менің ханшайымым» деп әспеттеу жиілеп кеткен. Ал ұлдарды, керісінше, «сен азаматсың, жылауға болмайды» деп тәрбиелейді. Бұл нағыз гендерлік стереотиптердің мысалы.


Спикер осы орайда журналистердің міндеті халыққа гендерлік теңдікті бұрмаламай жеткізу екенін баса айтты.

«Феникс» бейімдеу және даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нәзигүл Ахметқалиева ең бастысы – отбасы мен отбасылық құндылықтар, адамдардың бір-біріне деген сыйласты қарым-қатынасы деген пікірін білдірді. Өйткені соңғы кезде қоғамда ажырасу мәселесі өткір тұр. Көкпекті ауданында жеті айда көтерілген 45 шаңырықтың 35-і ажырасып үлгерген. Риддер қаласында үйленгендердің 75 пайызы ажырасқан. Бұл жастардың жанұялық өмірге дайындықсыз келулерінің салдары. Сол себепті қоғамдық ұйым отбасын құрмақшы жастарға арнайы семинарлар ұйымдастырып, психологиялық тестерден өткізу қажет деп санайды. Алғашқы семинар 22 тамызға жоспарланыпты.


–Біз қыздарымыз бен ұлдарымызды отбасында, қоғамда, мамандық таңдауда, мәдениет пен шығармашылықта да бірдей қарам-қатынас жасап үйретуіміз керек. Оларға гендерлік теңдікті бала кезден түсіндірген жөн, – деп қорытындылады ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Ирина Унжакова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив