KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейдегі Аймауытов, Грязнов, Кордонная, Би Боранбай, Морозов және Марсеков көшелері жөнделді

16.06.2016, 18:00 148



Биылғы жылы қала жолдарын жөндеуге жергілікті бюджеттен 256 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында Семейдегі 19 көшеде асфальт жабыны жөнделді, яғни бұл 44 мыңнан астам шаршы метрді құрайды.

Былтыр басталған Мичурин және Дальняя көшелеріндегі күрделі жөндеуді аяқтау үшін облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады.

Облыс басшысы Даниал Ахметов қала әкімінің жолдардың асфальт жабынын жөндеу көлемін ұлғайту үшін тағы 100 млн. теңге бөлу қажеттігі туралы ұсынысын қолдады. Осы ретте Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен кепілдік міндеттемелердің сақталуына бақылау жүргізілуде, бүгінгі күні 2014-2015 жылдары орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жол учаскелеріндегі кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыс аясында Аймауытов, Грязнов, Кордонная, Би Боранбай, Морозов және Марсеков көшелеріндегі кемшіліктер жойылған.

Сонымен қатар, «Гордорстрой» ЖШС облыста бірінші болып жол жөндеудің жаңа әдісі – құрылысқа қажет қажетті қоспаны жол үстінде дайындауға мүмкіндік беретін битумдық эмульсия мен өздігінен жүретін құрылғыны қолдана отырып, суықтай сорғалатып инъекциялау технологиясын пайдаланады.

Аталмыш әдісті жол тегістейтін катокты пайдаланбай, жыл бойы ауа температурасы минус 10-15 градусқа төмендегенше қолдануға болады. Бұл жол жабындысын жөндеудің әдеттегі әдісінен 1,5 есе арзанға түседі.

ШҚО ақпарат орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив