KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Журналистер арасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына конкурс жарияланды

2.06.2016, 18:00 233



Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі журналистер арасында «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына конкурс жариялайды. Конкурстық құжаттар М.Горький к-сі, 40, мекен-жайы бойынша (237 кабинет) 20 маусымға дейін қабылданады. Конкурстың ережесі http://www.dvpvko.gov.kz сайтында орналасқан. Анықтама телефоны 8/7232/26-47-07.

***

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
«Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» жыл сайынғы сыйлықтары туралы
ЕРЕЖЕ


1. Облыс әкімінің сыйлықтары облыс журналистикасының дамуына, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жария етуге, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.

2. 11 номинация бойынша сыйлықтар маусым айында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында табысталады.

Жалпы номинациялар:

1. ҚР Президенті Жолдауының іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу
2. Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы
3. Елімнің тағдыры - менің тағдырым
4. Инвестициялық саясат
5. Өзекті мәселелерді жария ету
6. Өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы
7. Әлеуметтік желілердегі белсенді жұмыс үшін
8. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
9. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қоғам тұрақтылығының факторы

Телеоператорлар мен фототілшілерге арналған номинация
10. Объективтегі өмір

Қалалық және аудандық БАҚ-қа арналған номинация
11. Өңірдің және елдің тірегі

Қандай да бір нақты номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмаған жағдайда, комиссия осы номинацияға белгіленген қаржыны басқа номинацияларға бөлуге немесе ынталандыру сыйлықтарына жұмсауға құқылы.

3. Сыйлықтарға үміткер кандидатуралар бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен немесе өз еркімен ұсынылады. Конкурстық құжаттар (ұсыныстар, өмірбаян, мінездемелер, шығармашылық материалдар) 20 маусымға дейін Ішкі саясат басқармасына тапсырылады.

4. Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің жүлдесіне ие болған журналистердің еңбектері қарастырылмайды.

5. Бір үміткер екі не одан көп номинацияларға ұсынылмайды.

6. Конкурсқа тұрақты негізде жұмыс істейтін журналистер қатыса алады.

7. Сыйлықтармен марапаттау туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан мәжілісте көпшілік дауыспен қабылданады.

Комиссия мүшелері сондай-ақ, облыс әкіміне Шығыс Қазақстан облысының грамоталарымен марапаттау үшін кандидатураларды ұсынады.

8. Сыйлықтан үміткерлерді ұсыну кезіндегі негізгі критерийлер:

1) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие беруге қосқан үлесі;
2) мемлекеттік саясатты тиімді ақпараттық қамтамасыз ету;
3) жаңашылдық, кәсіби әлеуетті жүзеге асыру;
4) дәстүрлі тақырыптарды жаңаша тұрғыда ұсыну;

9. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді.

10. Сыйлықтардың көлемін облыс әкімі белгілейді

11. Сыйлықтарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі немесе облыс әкімінің орынбасары табыс етеді. Сыйлықтар «Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты 2016» дипломын табыстай отырып беріледі. Сыйлықтарды табыстау рәсімін ішкі саясат басқармасы әзірлейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив