KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Жемқорлыққа қарсы жаңа агенттік басшысымен кездесу өтті

11.02.2015, 18:00 116



11 ақпан күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы ШҚО Глубокое ауданына іс-сапарымен келді.

Іс-сапар барысында, Секисовка, Краснояр ауылдық округтері мен Глубокое ауданының орталықтарында көпшілік қауыммен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері» тақырыбында, Глубокое ауданының әкімі А.Бекбосыновтың төрағалығымен семинар өткізді. Семинар жұмысына Шығыс Қазақстан облысы бойынша тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Құсаинов Т.Н., Солтүстік аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Уалиев Қ.С., аудандық мәслихат хатшысы А.А. Баймульдинов, Глубокое ауданының прокуроры Александров В.А., мемлекеттік қызметкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ғалымбек Нұрмұханұлы жиналғандарды департамент құрылымымен, қызмет көрсетуі жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері заңына еңгізілген өзгерістер жайлы Тілеуқабак Нұрғазыұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында мемлекеттік қызметкелер көпшілікті толғандыратын сауалдар қойды. Мысалға, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға еңгізілгең өзгерістер мен мемлекеттік сатып алу бағдарламасына қатысты сауалдар. Көптеген сұрақтарға нақтылы жауаптар беріліп, жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізілді.

Кездесу жоғарғы деңгейде өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив