KZ
Өскемен
-3°
ясно Штиль
443.35 475.54 4.82

Жеңіл атлеттер Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесін сарапқа салды

10.02.2015, 18:00 222



Өскемен қаласында еліміздің әр өңірінен келген жеңіл атлеттер алғаш рет Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесін сарапқа салды. Жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің ашылу салтанатына ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Спорт мерекесіне жиналған көпшіліктің алдында сөз сөйлеген лондон Олимпиадасының чемпионы, «Гауһар лига» жеңімпазы, жеңіл атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Рыпакова қатысушыларға сәттілік тілеп, өсіп келе жатқан жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың, денешынықтырумен айналысудың артықшылықтарын айтты.

Сонымен қатар, өзінің жылы лебізін жеткізген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар спорттың адам өміріндегі алатын орнына, мәнмаңызына тоқталды. Шараның ресми бөлігі аяқталған соң, жанкүйерлер делебесін қоздырған нағыз тартыс басталды. Спорттың қай түрінен болмасын үздіктер қатарынан көрініп жүрген жерлестеріміз бұл жолы да жерге қаратпады. Қыздар арасында 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде екі бірдей жүлдені қоржынға салдық. Өскемендік қыздар лондон Олимпиадасының қатысушысы Анастасия сопрунова екінші, Орынгүл Зкриенова үшінші орынды иеленді. Биіктікке секіруде 1 метр 72 сантиметрді бағындырған Регина сәрсекова күміс медаль иеленсе, осы сайыс түрінен ерлер арасында Олег Белов чемпион атанды. Тағы бір чемпиондық атаққа риддерлік спортшы Максим Мжельский қол жеткізді. Ол 800 метр қашықтықты 1 минут 55 секундта жүгіріп өтті. Өскемендік Дарья шушенькова ұзындыққа секіруде үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ, бұл сайыста Ольга Рыпакованың әкесі сергей Алексеев бапкердің екі бірдей шәкірті олжалы болды. Үш қарғып секіруде Евгений Четтыкбаев (15,54 метр) пен 400 метрге жүгіруде Владислав лешин екеуі күмістен медаль тақты. Алайда, Владиславтың мықтылығын мойындау керек. Ол Қазақстанның екі бірдей рекордын осы Өскемендегі біріншіліктің ақтық сынында жаңартқан солтүстікқазақстандық Михаил литвиннен сәл ғана қалып қойды.

Дәл осы күні О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде 1993-1995 жылдары туылған жастар арасында ел чемпионаты бірге өтіп жатқан болатын. Аталған жарыста да шығысқазақстандық саңлақтар үмітті ақтауға тырысты. Атап айтқанда, ядро лақтыруда Ольга Хижнякова, 3 мың метрге жүгіруде Мөлдір сейітханова, 800 метрге жүгіруде Иманды Құсманов, таяқпен секіруде Ербол Қаленов әртүрлі деңгейдегі жүлделі орындарды еншіледі.

Айтпақшы, 16 жастағы Мөлдір сейітханова өзінен бірнеше жас үлкен спортшылармен иық тірестіре өнер көрсетіп, нәтижесінде үшінші орынмен бірге өзінің жеке рекордын 4 секундқа жаңартты.

Жалпыкомандалық есепте шығыс Қазақстан облысының спортшылары 23 мың ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Алғашқы екі орын Қарағанды мен Алматы облыстарының өкілдеріне бұйырды. Алайда, біздің қыз-жігіттер бұған мойыған жоқ. Керісінше, намыстарын жанып, жаңа белестерді бағындыруға жігерлене түскендей. Бұған дәлел - жерлестеріміздің жаңартқан жеке рекордтары.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив