KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

1200 орындық мектеп Семей қаласында салынады

10.12.2014, 18:00 180



Семей қаласында әлеуметтік сала мәселелерін шешуге ерекше мән беріледі. Бұл туралы қала әкімі Айбек Кәрімов қалалық мәслихаттың депутаттарымен өткен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жылдар бойы қаланың «Юность» шағын ауданында 1200 орындық мектеп салу мәселесінің түйіні тарқамай келген-ді. Шаһар басшысының сөзіне сенсек, 2015 жылы бұл түйткіл де лайықты шешімін табатын болады. Өз кезегінде бұл №19 орта мектепті үш ауысымда оқытудан құтқармақ. Сондай-ақ, аталмыш шағын ауданда бірнеше көппәтерлі үй салынады деп көзделуде.

Депутаттар сұрақтарына жауап қайтара отырып, А.Кәрімов балалар биологиялық орталығына жер бөлу, жастар шығармашылығы сарайындағы бассейнді күрделі жөндеуден өткізу, қаланың кейбір көшелерін жарықтандырып, жолдарын қалпына келтіру, сонымен қатар, Водный және Восточный кенттерін таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі жоспарлармен бөлісті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив